13/03/2025 14:57

Өрт сөндіруші-құтқарушылар жұмыс аумақтарын ретке келтірді

Алматылық құтқарушы – өрт сөндірушілер “Алматы – біздің ортақ үйіміз” ауқымды науқанына қосылды.

Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері сенбілікке шығып, айналадағы аумақты ретке келтіру, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсету және қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қосу үшін сыпырғыштармен, тырмалармен және күректермен қаруланды.

Мегаполистің барлық 20 өрт сөндіру бөлімдерінде аумақ өткен жылғы шөптер мен жапырақтардан тазартылды, ағаштар ақталды, қоршаулар боялды, ағаштар отырғызылды.

“Күн шуақты ауа-райы мен бірлескен жұмыс бұл күнді шынымен көктемгі және белсенді етті, жұмыс тезірек жүруі үшін ашық аспан астында музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды. Алматылықтарды сүйікті қаламыз одан да жақсы және әдемі болуы үшін акцияға қатысуға шақырамыз”, – деп атап өтті ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.

Ұйымдасқан нәтижелі сенбіліктен кейін қызметкерлерге дастархан жайылды.

“Алматы – біздің ортақ үйіміз” науқаны 8 сәуірде басталды. Әрбір тұрғын мегаполисті дамытуға және көріктендіруге өз үлесін қоса алады.

АлматыНашДомБасты жаңалықтаржаңалықтарФотоРепАлаБіздіңҮй

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ