17/03/2025 20:31

Құрметті БАҚ өкілдері

Алматы қаласы Спорт басқармасы 18 наурыз күні сағат таңғы 04:40-та, Сербияның Ниш қаласында бокстан қыздар арасында өткен Әлем чемпионатында ел намысын қорғап, ерекше жетістікке жеткен спортшыларымызды қарсы алу рәсіміне шақырады.

Қызайбай Назым – Қазақстан тарихында алғаш рет үш дүркін Әлем чемпионы атанды. Ол 2014, 2016 және 2025 жылдар бокстан Әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алып, елімізді әлемдік аренада тағы бір мәрте жоғары деңгейде танытты.

Сонымен қатар, Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы бір жұлдызы, Балкибекова Алуа алғаш рет Әлем чемпионы атанды, ал, Графеева Виктория мен Талипова Елдан Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
Бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматыға ISTANBUL-ALMATY рейсімен сағат таңғы 04:40-та келіп қонады.

Құрметті БАҚ өкілдері, осы ерекше сәтте, бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қолдап, чемпиондарымызды қарсы алуға шақырамыз!

Құрметпен, Алматы қаласының Спорт басқармасы.

Байланыс тел: +7 777 115 33 55, Асель Ахметбекова

оқиғаларСоңғы жаңалықтар