^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 29 қазан 2020
 
     
 
Әлеуметтік сала / Бақытты отбасы

1. Аналар орталығы

Көпбалалы аналарға арналған «Бақытты отбасы» қалалық орталығы жұмыс істейді, онда заң, психологиялық кеңес, оңалту көмегі, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Аналарға ыңғайлы болу үшін орталықтарда балалар алаңдары ұйымдастырылған.

2019 жылы «Бақытты отбасы» орталығына 5 692 отбасы келіп,      3 686 балаға әлеуметтік педагог қызметі көрсетілді.

Заңгер қызметін – 776 адам, әлеуметтік қызметкер қызметін –        3 766 адам, медицина қызметкері қызметін – 1 166 адам, психолог қызметін – 567 адам пайдаланды.

Көпбалалы аналарға бассейндер мен фитнес-залдарға бару үшін 1 191 сертификат берілді.

2019 жылдың тамыз айынан бастап қаланың барлық аудандарында «Бақытты отбасы» орталықтары жұмыс істейді.

Аудан орталықтарында 34 017 адам ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау алды, оның ішінде 10 986 адам әдістемелік және заң көмегін алды, 3 449 адам ана мен бала үшін салауатты өмір салты кабинетіне барды.

«Бақытты отбасы» орталығының базалық тренингтен 13 079 адам, оқыту курстарынан - 7 671 адам өтті, оның ішінде Бастау бойынша - 1 721 адам, бір күндік мотивациялық курстар - 4 175 адам. 817 адам грант, 74 адам шағын несие алды, 827 бизнес-жоба құрылды, 1 015 адам жұмысқа орналастырылды.

2. «Бақытты отбасы» арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы

Қала бюджетінен 1 млн.теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттары бөлінді (бастапқы жарна - пәтер құнының 10%, мөлшерлеме - 18 жылға 2%).

«Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 284 отбасы 3,84 млрд.теңгеге сатып алу-сату шарттарын жасасты (284 отбасы    284 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттарын алды).

3. Еңбекпен қамту

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикада «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жұмыс таба алмай жүргендерге, кәсіптері мен тәжірибесі жоқтарға Жұмыспен қамту орталықтары көмектеседі.

2019 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында қаражат көлемі ұлғайып, көпбалалы отбасылардан шыққан ЖОО мен колледждердің түлектері басымдыққа ие болды. Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігі белсенді қолдау тапты.

«Еңбек» бағдарламасы аясында тіркелген 17,2 мың жұмыссыздардың 6,3 мыңы уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2115 адам көпбалалы отбасынан:

әлеуметтік жұмыс орындары - 1220 адам, оның ішінде 401 адам көпбалалы отбасынан;

қоғамдық жұмыстар - 3 930 адам, оның ішінде 742 адам көпбалалы;

жастар тәжірибесі - 1141 адам, оның ішінде 972 адам көпбалалы.

Оқуға және қайта даярлауға 2573 адам жіберілді, сонымен қатар 824 адам жұмыссыз, көпбалалы аналар да жіберілді. Курс аяқталғаннан кейін жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға 2867 грант берілді, оның ішінде 1 033 – табысы аз, көпбалалы отбасылар.

4. Білім

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының тұрмысы төмен отбасыларына екінші баладан бастап балабақша тегін болды.

Білім беру желісі бойынша көпбалалы аз қамтылған отбасыларынан 573 бала (2 баладан бастап) үшін балабақшаларда тамақтануға ақы төлеу жүргізілді.

Аз қамтылған отбасынан шыққан оқу озаттарына стипендия төленді. Бұл білімге ұмтылуға ынталандырды. Университет пен колледж студенттеріне - айына 10 мың теңгеден, мектеп оқушыларына – 5 мың теңгеден төленді.

Мектеп оқушыларына (3193 адамға 47,622 млн. теңге), колледж студенттеріне (420 адамға 37,8 млн. теңге), ЖОО студенттеріне (13 студентке 380 мың теңге) шәкіртақы төленді.

5. Жыл сайынғы әлеуметтік төлемдер. Бірреттік төлем

 

2019 жылға арналған Алматы қаласының бюджетінде 59 мыңнан астам адамды қамти отырып, 9 млрд.теңгеге әлеуметтік төлемдердің 18 түрін көрсету көзделген.

Келесі төлемдердің мөлшері: біржолғы көмек 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, су және газбен жабдықтаудың жеке есептеу құралдарын орнату немесе тексеру үшін көмек мөлшері 2 АЕК-тен 3,4 АЕК-ке дейін, мүгедек балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытатын отбасыларға шығындарды өтеу 9 АЕК-тен 12 АЕК-ке дейін, коммуналдық қызметтерді төлеуге шығындарды өтеу үшін шығындардың шекті жол берілетін деңгейі 10% - дан 5% - ға ұлғайтылды.

2019 жылдың басынан бастап 10,1 мың отбасыға әлеуметтік төлемдер тағайындалды, оның 6,1 мыңы жаңа мөлшер бойынша 251,4 млн.теңгеге (ЖБ), біржолғы әлеуметтік көмек (20 АЕК) – 3988 адамға 200,8 млн.тг., су есептегіш құралдары – 347 адам 4 млн.тг., коммуналдық қызмет төлемі - 1019 адам 15,2 млн.тг.

Әлеуметтік төлемдер бойынша барлығы 91 мыңнан астам адамға      9 млрд.теңге тағайындалды.

6. Алматылықтардың қайырымдылық көмегі

«Nur Otan» партиясы жанынан «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры құрылды.

«Бақытты отбасы» қоғамдық қоры (134,7 млн.теңге жиналды) 126,9 млн. теңгеге 3 716 көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті (киім-кешек пен тамақтануға, тұрғын үйді жөндеуге, балға сертификаттар сатып алынды, газ қосу және т. б.). Қорға барлығы 6 216 көпбалалы аналар өтініш білдірген.


 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz