^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 27 қараша 2020
 
     
 
Әлеуметтік сала / Әлеуметтік қорғау

Алматы қаласының әлеуметтік төлемдері бойынша ақпарат

 

Алматы қаласында тұратын, тіркелген аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Басқармамен келесідей әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі:

  1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 % аспайтын  (23 633 теңге) азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.

Шартсыз ақшалай көмек отбасында еңбек етуге қабілетті мүшелері болмаған кезде немесе отбасының еңбекке жарамды мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыса алмайтын (мысалы, жеті жасқа дейінгі балаға қарап отырған жалғыз басты аналарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге және т.б.)отбасыларға беріледі.

Шартты ақшалай көмек (ШАК) отбасы құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшесі бар отбасыларға көрсетіледі. ШАК алу үшін отбасының барлық еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесушараларына қатысуы міндетті шарт болып табылады.

Атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына (мекенжайы: Назарбаев д-лы, 50, тел: 341-06-70, 341-04-60) немесе азаматтарға қолайлы болу үшін Басқарманың аудандық бөлімінде орналастырылған Орталық мамандарына жүгіну қажет. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші мемлекеттік органның немесе ұйымның тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды береді, ал өтініш берушінің ондай мүмкіндігі болмаса, тұрғылықты жері бойынша Орталықтиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесіне сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, ағымдағы тұрғын үй коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығындарын өтеу үшін негізінде тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Бұл көмек аталған қызметтерді төлеуге арналған шығындар отбасы бюджетінің жалпы табысының 5 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат)аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

2) отбасының табысын растайтын құжаттар;

3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы;

4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы)туралы анықтама;

5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама;

6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

8) банктік шоты;

9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес келесідей әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі:

 

1) ай сайынғы 6,5 АЕК (17 232 теңге)мөлшеріндегі әлеуметтік көмек жыл сайын құжаттарын қайта тапсыру талап етілмей келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;

- Aуғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен)немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына).

 

2) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен (101 283 теңге)аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жарты жылда бір рет 7 АЕК (18 557 теңге) мөлшерінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, зейнет жасына толған зейнеткерлерге;

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге;

- аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тылдағы еңбек қатысушыларына.

 

3) жан басына шаққандағы орташа табысы екі ең төмен күнкөріс деңгейінен (67 522 теңге)аспайтын аз қамтылған отбасыларға 20 АЕК мөлшерлі біржолғы әлеуметтік көмек (53 020 теңге).

 

4) ыстық және (немесе) суық сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен (101 283 теңге)аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 3,4 АЕК (9 014 теңге) мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға өрсетіледі:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе)тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);

- бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

- бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге;

- зейнет жасына толған зейнеткерлерге.

 

5) өрт немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккендерге баспанасынан айырылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде 200 АЕК (530 200 теңге)мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

 

6) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға ай сайынғы 12 АЕК (31 812 теңге)мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

 

7) жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен (101 283 теңге)аспайтын келесі санаттағы азаматтарға үш нүкте үшін 100% шығыны мөлшерінде:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе)тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);

- бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

- құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасыларына.

 

8) жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын (33 761 теңге)емтихан сессиясының нәтижелері бойынша «өте жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарында күндізгі бөлімінде оқитын көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге 10 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Аталған әлеуметтік көмек түрлерін алу үшін тіркелеген тұрғылықты мекенжайы бойынша Басқарманың аудандық бөліміне келесі құжаттармен бірге өтініш толтыруыңыз қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжаттар.

 

  1. Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін әр тоқсан сайын 12 АЕК мөлшерінде (31 812 теңге)әлеуметтік көмек төленеді.

Көмекті алу үшін Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш пен келесідей құжаттар ұсыну қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

4) мүгедектігі туралы анықтама;

5) банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

6) мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;


 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz