^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 17 желтоқсан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Б.Байбек – Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың балаларына жан- жақты қолдау көрсетеміз
14 сәуір 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері мен техникалық дизайн мектебінің жұмысымен танысты.

Мектеп 1981 жылы Алматыда алғашқы көркемөнер жөнінде білім беретін арнайы оқу орны ретінде ашылған болатын, 2005 жылдың ақпан айында оған ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді.

Бүгінгі күні мектептегі 38 білікті маман 5-8 жас аралығындағы 1,5 мың балаға үш бөлім: «Бейнелеу өнері», «Техника мен дизайн», «Клуб қызметі» бойынша сабақ береді.

Мемлекет қолдауы арқасында дарынды балалардың 40%-ға жуығы автомодель, металлды, шыныны, керамиканы көркем өңдеу бағыттары бойынша тегін білім алуда.

 

 

Фотография

Мегаполис басшысы балаларға міндетті білім берумен қатар, олардың рухани деңгейлерінің өсуіне де жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

«Рухани көмек баланың санасын серпілтіп, ой өрісін дамытады. Балаларын түрлі үйірмелерге беруге кейбір жандардың жағдайы көтермейді, сондықтан біз әлеуметтік жағынан төмен қорғалған отбасылардың дарынды балаларына жан-жақты қолдау көрсетеміз. Бүгін балаларға барынша рухани жағдай жасасақ, ертең оның жемісін жейміз. Бұл туралы ел Президенті өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында кеңінен сөз етеді», - деді Бауыржан Байбек.

Фотография

Мектеп директоры Ханзада Есенова мәдени мұраны сақтау үрдісі балалардан бастау алуы тиіс екенін айтты.

«Көркемөнер, музыка және хореографиялық мектептерді бітірген шығармашыл баланың рухани деңгейі жоғары болады әрі ол қоғам мен мемлекетке көп пайда келтіреді», - деп атап өтті Х.Есенова.

Фотография

Осы салада бәсекелестікті қалыптастыру үшін мектепті жеке меншікке беру мүмкіндігі қарастырылуда.Мектеп директоры Ханзада Есенованың ойынша жекеменшік формасы жалпы білім беру процесстеріне жаңа серпін беріп, шығармашылық жобаларға көпшіліктің кеңінен қатысуына жол ашатын болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда ҚР Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды »»
16 желтоқсан 2017 - 11:13
Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне сатланатты түрде гүл шоқтары қойылды. Қала басшылығы, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздік Монументіне гүл шоқтарын қойды. Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті. ...
Алматы әкімі қалалықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады »»
15 желтоқсан 2017 - 19:44
Бүгін Республика Сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Алқалы шара барысында Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттар тапсырылды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен батыл шешімдерінің арқасында Қазақстан дамудың даңғыл жолына түскенін атап өтті. Уақыттың өзі Елбасының «Алдымен экономика, содан соң саясат» қағидасының заманның талаб...
Алматы әкімі «Цифрлы Қазақстанның» қарапайым адамдарға не беретінін айтты »»
15 желтоқсан 2017 - 19:37
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының «Цифрлы Қазақстан» құру бойынша берген тапсырмасына орай қазіргі кезде «Smart Almaty» инновациялық қаласын қалыптастыруға қатысты белсенді «Заманауи технологияларды денсаулық сақтау, білім беру, бизнес, қауіпсіздік және көлік сияқты салаларда енгізу азаматтарға еш кезексіз, ғаламтор арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануларына мүмкіндік береді. Бұ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13