^ жоғары
 
Сенбі, 26 мамыр 2018     А А А Қаз Рус Eng 
закрыть

18 ШІЛДЕ. Қазақстан Республикасының Антитеррор орталығының ақпаратына сәйкес Алматы қаласының аумағында террористік қауіптілік деңгейінің жоғары екенін хабарлаймыз.

Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары!

Қазақстан Республикасының Антитеррор орталығының ақпаратына сәйкес Алматы қаласының аумағында террористік қауіптілік деңгейінің жоғары екенін хабарлаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, террорлық акт қаупі туралы мониторингті ұйымдастыру мен оның мемлекеттік жүйесінің қызметін және тұрғындарға террорлық акт қаупінің туындағанын хабардар етудің ережелеріне сәйкес (террористік қауіптің «сары» және “қызыл” деңгейлерінің енуіне орай қолданылатын шаралар) жүзеге асатын іс- шаралар:

тиісті денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыстарын төтенше жағдай кестесіне көшіру;

антитеррорлық операцияның құқықтық режимі енгізілген жағдайда адамдарды уақытша орналастыратын мекенжайлар мен обьектілерді ұйымдастыру, террорлық акттан зардап шеккен жандар болса, оларды қаупісіз жерлерге жеткізіп, азық- түлікпен, киіммен басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету;

адамдарды құтқару және қараусыз қалған жеке мүліктерді сақтау шараларын жедел ұйымдастыру, құтқару қызметтері мен басқа да құрылымдардың еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Бұлардан өзге жеке көліктерді және бұлардағы түрлі заттарды жіті тексеруге, көліктердің қозғалысын уақытша шектеуге немесе мүлдем тоқтатуға, қауіп деңгейіне орай тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға еш кедергісіз кіруге рұқсат етіледі. Телекоммуникация жүйелері бойынша берілетін хабарлар мен өзге де ақпараттарға бақылау қою шаралары қолданылады. Сонымен қатар, арнайы қызметтің барлық күштері толық жұмылдырылып, жауынгерлік дайындықта болады, арнайы техникалық жабдықтарды қолдана отырып, әуежайларды, теңіз және өзен порттарын, метрополитен мен теміржол вокзалдарын, автобекеттерді тексеру шаралары барынша күшейтіледі.

Осындай төтенше жағдай барысында адамдар көп жиналатын жерлерден тыс қалуды, құқық қорғау мен арнайы органдар қызметкерлерінің қолдануға тиіс шараларына түсіністікпен қарауды, «қызыл» қауіптілік деңгейінің енгізілуіне орай барлық талаптарды қатаң сақтауды сұраймыз.

18.07.2016 12:57
«« | »» «  | Барлық жаңалықтар


 


© 2005-2018
РК 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы 4

Ақпараттық толықтыру мен жетелеу: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі