^ жоғары
 
Сенбі, 26 мамыр 2018     А А А Қаз Рус Eng 
закрыть

7 шілде. «Алматы – өмір сүруге және бизнеске қолайлы қала» V-ші инновациялық форум мегаполистің болашақ дамуының бірқатар нұсқаларын көрсетті

7 шілде. «Алматы – өмір сүруге және бизнеске қолайлы қала» V-ші инновациялық форум мегаполистің болашақ дамуының бірқатар нұсқаларын көрсетті

«Алматы – өмір сүруге және бизнеске қолайлы қала» V–ші инновациялық форум жұмысына қала әкімі Бауыржан Байбек, отандық және Ресейден, Израильден, Оңтүстік Кореядан, АҚШ-тан, Мексика мен Германиядан, басқа да мемлекеттерден келген халықаралық сарапшылар, стартаперлер, бизнес- қоғамдастық өкілдері, қаржыгерлер қатысты.

Б.Байбек форумның аса маңыздылығын, жергілікті биліктің бүгінгі күні сервистік қаладан инноваицяға көшуге ерекше мән беріп отырғандығын атап өтті. Әкім Алматының инновациялық әулетінің әлі де толық ашылмай отырғандығын жеткізді.

«Біздің Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіміз үшін болашаққа нық сеніммен қарап, қарқынды қадам жасауға тиіс екендігімізді қадап тұрып айтты. Бұл ретте индустриалды- инновациялық даму бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырып, дамыту қажет. Алматы – еліміздің ірі мегаполисі, біз сондықтан тек қана алға жылжыумыз керек. Болашақтың маңызды стратегиясы – инновациялық әлеуетті дамыту және Алматыны инновация мен технология орталығына айналдыру. Басты міндет- инновациялық экожүйеге жағдай жасау», - деді Б.Байбек.

Форум барысында 3D инсталляциясы форматында «Алматы – болашақтың қаласы» көрмесі ұйымдастырылды, мұнда стартаперлер мегаполистің даму кезеңдерін көрсетті. Мысалы, инноваторлар ауа тазартатын қондырғылар бар «ақылды үйлерді» ұсынды, мұнда ауа арнайы, циркуляциядан өтеді, ПИК-термен байланыс онлайн арқылы жүзеге асады. Жақын арада Алматыны одан әрі дамыту үшін осы бағыттағы 50 үздік жоба іріктеліп алынады, олардың бір бөлігі қазірдің өзінде енгізілген.

«Алматының бүгінгі таңдағы басты жетістігі қаржы мен банктер ғана емес. Бұл - ең алдымен адами капитал. Алматы – болашақтың, жастардың қаласы, өздеріңіз білесіздер, жоғары оқу орындарының үштен бір бөлігі - 42 жоғары оқу орны біздің қалада орналасқан, жастарымыздың басым көпшілігі де бізде. Дарынды , іскер жастар біздің қаламызда қалып қояды. Кейбір мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан жаңашылдарының 84 пайзыдан астамы Алматыда өмір сүріп, жұмыс жасағанды қалайды екен», - деп атап өтті әкім.

Осы ретте адами капиталды дамыту мәселелері қаралды, олар: тұрғындардың креативті бөлігіне қажет инвестициялар, қаланың сәулет келбетін дамыту, қала кеңістігін жоспарлау мен жобалау, көлік жүйесін жақсарту, қаладағы тасымалдауға ақпарат пен технологияны енгізу.

Атап өтерлік жайт, форум барысында үш жақты меморандумға қол қойылды, нәтижесінде халықаралық «Uber» технологиялық компаниясы Алматыда өз жұмысын бастайтын болады. Болашақта қаланың әрбір тұрғыны смартфон түймесін бір рет басу арқылы таксиге тапсырыс бере алады.

07.07.2016 19:28
«« | »» «  | Барлық жаңалықтар


 


© 2005-2018
РК 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы 4

Ақпараттық толықтыру мен жетелеу: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі