^ жоғары
 
Сенбі, 26 мамыр 2018     А А А Қаз Рус Eng 
закрыть

5 шілде. Алматының Наурызбай ауданына 2 жыл толды

5 шілде. Алматының Наурызбай ауданына 2 жыл толды

ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 2 шілдедегі Жарлығы бойынша «Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласының шекрасын белгілеу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы мен Алматы қалалық мәслихаты XXIX сессиясының шешімі шыққан болатын.

Биылғы жылы Наурызбай ауданының дамуы үшін 40 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Екі жаңа скважина бұрғыланып, Таусамалы ықшам ауданындағы бұрыннан бар 2 скважина жөндеуден өтті.

Жобаға сәйкес Қалқаман 1, 2, 3, 4 және Алты-Алаш ықшам аудандарында 2014 - 2016 жылдары ұзындығы 7,5 км болатын су құбыры мен 5,5 км кәріз желісі тартылады. Бүгінгі күні олардың 80% игерілді. Ақсай өзені бойында ұзындығы 10 км және Қарғалы өзенінің бойында да ұзындығы 10 км болатын су тоғандарын салудың жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.

Шұғыла, Тастыбұлақ, Таужолы, Таусамалы, Құрамыс, Карғалы, Жайлау ықшам аудандарында ұзындығы 62,1 км болатын су құбыры мен ұзындығы 44,8 км. болатын кәріз желісін салудың құжаттары да жасалу үстінде.

Қарағайлы ықшам ауданындағы Надыров, Мақатаев, Сейфуллин, Тәжиев көшелерінде, Қарғалы ықшам ауданындағы Кәрібай ақын, Таусамалы ықшам ауданындағы Рысқұлов көшелерінде 51 электр тіректері, 2880 электржелілері ауыстырылды.

Бүгінгі күні аудандық ЭС-3 пен бірігіп, 10/0,4кВ желілерінд күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағында жалпы ұзындығы 44,4 км болатын көшелер жөнделді. Бүгінгі күні Гроза, Рысқұлв, жоғары Ақсай көшелері жөнделуде.

Сел орған 1545 м арық жүйесі қалпына келтірілді. Аудан құрылғалы бері 7 500 м2. Алаңға гүлзар отырғызылды, 2 сквер абаттандырылды.

Қазіргі кезде АІІД-нің, мемлекеттік органдар нысандарының құрылыстары салынуда. Олардың жалпы құны - 6 млрд. 874 млн. теңге. Жергілікті бюджет есебінен №7 қалалық емхана жанынан кезегіне 200 сырқат қатынайтын емхана салынуда. Оған бөлінген қаржы көлемі - 1 млрд. 410 млн. теңге ( 2016 жылы пайдалануға беріледі).

Бұдан өзге мемлекеттік-жеке әріптестік аясында бірқатар әлеуметтік нысандар салынады.

153 га жерге 1200 орынды мектеп, кезегіне 500 адам қатынайтын емхана бой көтереді, бұлардың құны - 3 млрд. 120 млн. теңге ( 2017 жылы пайдалануға беріледі). Бұлардан өзге №157 мектеп жанынан 900 орынды қосалқы нысан салынуда, оның құны - 980 млн. теңге (2016 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі).

МЖӘ аясында балалардың 10 спорт алаңдары іске қосылды, тағы да қосымша 6 алаң салынуда.

Жеке үйлерді су басып қалмау үшін Қарғалы өзенінің жағалауын мықтап бекіту жұмыстары жүруде. Оған бөлінген қаржы - 2 млрд. 351 млн. теңге. Бұл учаскенің көлемі 7,708 км, плотинадан Жандосов көшесіне дейін.

«Балапан» бағдарламасы бойынша 28 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері ашылып, олар 1178 баланы қамтыды.

Ауданда 600 (0,9%) кіші және орта бизнес көздері бар. Салық базасының төмендігі ауданның кіріс бөлігіне кері әсерін тигізуде.

Наурызбай ауданының тұрғын үй қоры 172 көпқабатты үйлерді құрайды, олардың 9-ы ескі үйлер. Ауданда 15 мың жеке тұрғын кешені бар, ол қалалық көрсеткіштің 11% -на тең.

Естеріңізге сала кетейік, Наурызбай ауданы қалаға Алматы облысынан бөлінді, мегаполиске 11 елді мекен және Алматы қаласының Әуезов ауданынан Қалқаман 1, 2, 3 ықшам аудандары енді. Ауданның жалпы алаңы 6 967 га. Жаңадан құрылған әкімшілік- аумақтық бірлікте 150 мыңнан астам адам өмір сүруде.

05.07.2016 12:30
«« | »» «  | Барлық жаңалықтар


 


© 2005-2018
РК 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы 4

Ақпараттық толықтыру мен жетелеу: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі