^ жоғары
 
Сенбі, 20 қазан 2018     А А А Қаз Рус Eng 
закрыть

4 шілде. Алматыда Астананың туған күніне орай 12 мың орынды Мұз аренасының құрылысы аяқталды

4 шілде. Алматыда Астананың туған күніне орай 12 мың орынды Мұз аренасының құрылысы аяқталды

Бүгін Алматыда Астананың туған күні қарсаңында Алатау ауданында орналасқан 2017 жылы өтетін Универсиаданың орталық объектісі - 12 мың орынды Мұз аренасының құрылысы аяқталды.

Атап өтерлік жайт, құрылыс бюджетін 32 млрд. теңгеден 17 млрд. теңгеге оңтайландыруға қарамастан, спорт нысаны үш ай мерзімінен бұрын пайдалануға беріліп отыр. Қазір мұнда ішкі реттеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс барысында қазақстандық сипат 60%-дан асты. Бұл туралы кеше Алматы әкімі Бауыржан Байбекке көшпелі жиын барысында айтылды.

Абаттандыру мен жасылдандыру жөніндегі жұмыстар да аяқталып қалды. Мұз аренсының кіре берісіне ағаштар, гүлдер мен гүлзарлар отырғызылған. Құрылыс айналасы мегаполисті абаттандырудың ұлттық колоритіне сай бірыңғай концепциясы бойынша жасалған. Кіші архитектуралық формалар, урналар мен орындықтар этникалық орнамент негізінде айшықталған.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылдың ақпан айында Универсиадаға қатысты өткен кеңесте алқалы спорттық шараны өткізу мегаполистің одан әрі дамуына жаңа серпіліс беруі тиіс екендігін қадап тұрып айтқан еді. Сонымен қатар, қаланың архитектуралық келбеті де оң өзегірске ұшырап, мейрамханалар мен қонақ үйлердің, қоғамдық көллік пен спорт нысандарының сервистері де жақсаратындығын баса көрсеткен болатын.

12 мың орынды Мұз аренасында универсалды мұз айдыны, көремендер орындары бар, мұнда түрлі деңгейдегі жарыстарды, шайбалы хоккейден, мәнерлеп сырғанаудан, шорт-тректен оқу-жаттығу үрдістерін, түрлі мәдени шараларды өткізуге болады. Кешен үш блоктан тұрады, «А» блогы - 12 мың орынды мұз аренасы, «Б» блогы - денешынықтыру, сауықтыру айдыны мен блок, «В» блогы - жүзу бассейні.

Қала басшысына Универсиаданың барлық обьектілері дер кезінде пайдалануға берілетіндігі айтылды. Қазіргі кезде Алатау ауданындағы 5 мың орынды Атлеттер ауылының және Медеу ауданындағы 3 мың орынды Мұз аренасының құрылыстары қарқынды жүріп жатыр.

Анықтама:

Халықаралық қысқы студенттер ойындары Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді. Осынау алқалы спорттық додаға 60 елдің 2 мыңға жуық спортшысы қатысады. Үш мыңға жуық волонтерлер қатысады деп жоспарлануда. Жарыстар 8 спорт нысанында спорттың 12 түрі бойынша өтеді.

04.07.2016 18:51
«« | »» «  | Барлық жаңалықтар


 


© 2005-2018
РК 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы 4

Ақпараттық толықтыру мен жетелеу: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі