^ жоғары
 
Сенбі, 26 мамыр 2018     А А А Қаз Рус Eng 
закрыть

2 шілде. Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жасау жұмыстары басталды

2 шілде. Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жасау жұмыстары басталды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қарғалы өзенінің арнасын мықтап бекіту жұмыстарымен танысты. Ұзындығы 7,7 км болатын плотинадан Жандосов көшесіне дейінгі аумақта темірбетон конструкцияларын орнату басталды.

«Қайта жасау жұмыстарын бастау алдында осы істегі халықаралық тәжірибе ескерілді. Қазіргі кезде өзен арнасы тереңдетілді әрі кеңіді, 75 000 м³ лас балшықтың 35 000 м3 қоқысы сыртқа шығарылды, 7 көпір қайта жасалды», - деп баяндады Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.

Қазіргі кезде мердігер компания негізгі жұмыстарға кірісіп кетті. Бұл іспен 72 маман, 29 техника бірлігі жұмыс істеуде, бетон құйылуда.

«Жобаға сай плотина бойымен су екі шлюз бойынша ағып, екі арнаға бөлініп, төменгі ағысында біргетін болады. Өзен арнасына 30-сантиметрлік темірбетон қабырғасы орнатылады, сонымен қатар каскадты тіреулер де қарастырылған. Бұлардан өзге өзеннен тікелей техникалық жол болуы да мүмкін. Бұл өзен арнасын тазартуға кең мүмкіндік береді», - деді «ACD Group» ЖШС-нің басқарушысы Сейткали Дюсебаев.

Бұлардан өзге, әлеуметтік жауапкершілік аясында мердігер компания өзен айналасын эстетикалық талғамға сай абаттандыруды да жоспарлап отыр.

«Бұл іс жобада қарастырылмаған, бірақ біз өзен маңына орналасқан тұрғындар үшін демалатын орындар мен балалар алаңын жасауды ойластырудамыз», - деді С.Дюсебаев.

Өз кезегінде мегаполис басшысы осы іске жауапты жандардың барлығына жұмыстыі белгіленген мерзімінде толық аяқтауды қадап тұрып ескертті.

02.07.2016 16:57
«« | »» «  | Барлық жаңалықтар


 


© 2005-2018
РК 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы 4

Ақпараттық толықтыру мен жетелеу: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі