^ жоғары
 
Сенбі, 26 мамыр 2018     А А А Қаз Рус Eng 
закрыть

2 шілде. ҚР-ы Президентінің Телекөпірі барысында іске қосылған Алматы комбинаты еліміздің май өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз етуге дайын

2 шілде. ҚР-ы Президентінің Телекөпірі барысында іске қосылған Алматы комбинаты еліміздің май өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз етуге дайын

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Индустриализация күніне орайластырылған ҚР-ының Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Жалпы ұлттық Телекөпір аясында іске қосылған май өнімдерін шығаратын «ЭФКО Алматы» ЖШС-де болды.

Мемлекеттің қолдауы арқасында зауыттың өндірістік қуаты 120 мың тонна өнім шығаруға жетті. Осының арқасында кәсіпорын еліміздің май өнімдеріне қажеттелігін толық қамтамасыз ете алады. Әлемдік технология трансфертін қамтамасыз ету үшін зауытта жеке оқу орталығы жұмыс істейді.

Мегаполис басшысы өнідірістік желілер мен қоймаларды аралап көрді, азық- түлік секторының экспортқа өнім шығару мүмкіндігі де жоғары екендігін атады.

«Құны 11 млрд. теңге болатын қайта жасау мен модернизациялау жобасы бізге жоғары сапалы сұйық май, майонез, соя шротын, күнбағыс өнімін шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өндіріс процесінің 90%-ы автоматтандырылған. Басты міндет – импортты алмастыру, өнідіріс толық күшіне енген соң көршілес елдерге экспортқа өнім шығаруға болады», - деді «ЭФКО Алматы» ЖШС директоры Нұрлан Қожамұратов.

02.07.2016 15:50
«« | »» «  | Барлық жаңалықтар


 


© 2005-2018
РК 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы 4

Ақпараттық толықтыру мен жетелеу: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі