^ жоғары
 
Сенбі, 20 қазан 2018     А А А Қаз Рус Eng 
закрыть

30 маусым. Алматыда бизнесмендер онкологиялық дертке ұшыраған балаларға арнап пансионат салады

30 маусым. Алматыда бизнесмендер онкологиялық дертке ұшыраған балаларға арнап пансионат салады

Бүгін Алматы қаласы әкімдігі мен «U-Partners» ЖШС арасында балалар педиатриясы мен хирургиясы Ғылыми орталығының базасында онкологиялық дертке шалдыққан балалар және олардың қасында болатын ата-аналары үшін пансионат салу жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Алматы әкімі Б.Байбек бұл шараның әлеуметтік маңызды екендігін атап өтті. Жалпы, қалалық әкімшіліктің басты міндеті - экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту.

«Қазіргі экономикалық қиын кезеңде біз кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдарға барынша қолдау көрсетеміз, өйткені олар қаланың әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысып келеді. Бүгінгідей бастама халықтың бизнеске, билікке деген сенімін арттырады», - деді Алматы әкімі.

Атап өтерлік жайт, болашакқа салынатын әлеуметтік нысанның жалпы көлемі 3 мың шаршы метрді құрайды, халықаралық стандартқа сай салынып, қаланың меншігіне беріледі. Қазіргі кезде құрылыстың жобалық құжаттары жасалуда.

«Алматыға еліміздің түкпір-түкпірінен ауыр дертке шалдыққан баласын әкелген ата-ана емдеу барысында бір жерге тұрақтауы тиіс, жатын орын жалдауға көбінің қалтасы көтермейді, ал болашақта салынатын пансионатта барлық қажетті жағдайлар толық жасалады. Жоба 14 ай ішінде іске асады деп ойлаймын», - деді «U-Partners» компаниясының бас директоры Жанат Рахмани.

Мегаполис басшысы МЖС аясында әлеуметтік жауапкершілік танытып жүрген қаланың барлық кәсіпкерлеріне алғысын білдірді, өйткені осы ынтымақтастық аясында қалада төрт мектеп, емхана, 17 бала бақша, спорт кешені және басқада нысандар салынатын болады.

01.07.2016 14:53
«« | »» «  | Барлық жаңалықтар


 


© 2005-2018
РК 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы 4

Ақпараттық толықтыру мен жетелеу: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі