^ жоғары
 
Сенбі, 20 қазан 2018     А А А Қаз Рус Eng 
закрыть

29 маусым. Алматыда арық жүйелерін қайта жасау басталды

29 маусым. Алматыда арық жүйелерін қайта жасау басталды

Алматыда қала әкімі Баурыжан Байбектің төрағалық етуімен мегаполистің арық жүйелерін қайта жасауға қатысты жиын өтті. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов үш ай ішінде арық жүйелері толық инвентаризацияланғандығын айтты. Бұған дейін бұл жұмыс мүлдем жүрмеген.

«Орын алған мәселені шешу үшін осы апта ішінде 15 км арық желісін жөндеу жұмыстары басталды, Есентай мен Қарасу өзендірінің 9,1 км жағалауы да абаттандырылды, осы аймақтан қаланың төменгі бөлігіне су кететін жерлердің бәрінде жөндеу жұмыстары жүруде. Инвентариязацияланған 400 км аймақтың не арығы , не жүйесі мүлдем жоқ (Наурызбай,Алатау аудандары) жерлерге қпатысты жақын арада қайта жобалау жұмыстарына өтініш беріліп, келер жылдың көктемінде 276 км арық жүйесін салу қолға алынады»,   -деді Е.Аукенов.

Ол жылдың аяғына дейін толық инвентаризация, топосурет, су жүйесін қаттылау мен картасхемасы жасалатындығын айтты.

«Осыдан кейін ғана біз қажет қаржы мөлшерін анықтай аламыз. Бұл өте маңызды, арық жүйесінің басты функциясы жасыл желекті суландыру. Мысалы, бір қума метр лоткадан секундына 200 литр су ағады, ал жауын жауғанда ол 500 литрге дейін жетеді. Сондықтан нақтылы проблемалар болуы мүмкін», - деді әкімнің орынбасары.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Экологострой» кәсіпорнының базасында арықтар мен жауын жүйелерін қадағалайтын арнайы қызмет құрылады. Қазіргі кезде Алматыда 791 км арық жүйесі тазартылды. Бұл жұмыспен күн сайын 173 адам мен 41 техника бірлігі айналысуда. Қала әкімдігі үстіміздегі жылдың қараша айын дейін ұлттық стильде 3,5 мың антивандальді урналар алатын болады.

Арық жүйесін тазарту маусым бойынша 1,5 мың жұмыс орнын ашып, олардың 30%-ы «Жұмыспен қамту» МҚК жүйесі бойынша жұмыс істейді.

29.06.2016 17:28
«« | »» «  | Барлық жаңалықтар


 


© 2005-2018
РК 050001, Алматы қаласы,
Республика алаңы 4

Ақпараттық толықтыру мен жетелеу: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі