20/03/2025 06:02

Нұрлан Абдуллин Алматыда референдумда дауыс берді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақстандық әнші, тележүргізуші Нұрлан Абдуллин Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берді. Артист №17 мектеп-интернатта орналасқан № 387 сайлау учаскесіне барды.

«Менің ойымша, елдің бірлігі біздің қолымызда. Бүгін біздің азаматтар келіп дауыс беріп, өздерінің пікірін білдіріп жатыр. Бұл еліміздің және біздің ұрпақтың болашағы үшін үлкен шешуші сәт», – деді Нұрлан Абдуллин.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ