18/04/2025 00:53

Көктемгі өсім: Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерге апта сайын келушілер саны 45 000 адамға дейін өсті

         Демалыс күндері азық-түлік тауарларын сататын жәрмеңкелерге қатысатын алматылықтар мен қала қонақтарының саны аптасына 45 000 адамға жетті. Келушілердің 50%-ға өсуі көктемгі кезеңнің басталуымен, жаңа өнімдер ассортиментін кеңейтумен және жәрмеңке инфрақұрылымын жаңғыртумен байланысты: жаңа сауда сөрелері орнатылды, санитарлық жағдайлар жақсартылды, келушілердің қозғалысы үшін қолайлы маршруттар қалыптастырылды.

         Бүгінгі күні демалыс күнгі жәрмеңкелерде Алматы мен Алматы облысының 300-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері өз өнімдерін ұсынады. Апта сайын жәрмеңкеге қатысушылар жалпы көлемі 1000-нан астам атаулардан тұран 800 тоннаға жуық азық-түлік тауарларын-жаңа піскен ет, жұмыртқа, көкөністер, жемістер, ашытылған сүт өнімдері, шұжықтар, бал және басқа да өнімдерді сатады.

         Жәрмеңкелерді «Алматы» ӘКК» АҚ ұйымдастырады. Бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жәрмеңкелерде нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылады.
         Жәрмеңкелер апта сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

  • Алмалы ауданы – Масанчи көшесі (Әйтеке би көшесі мен Гоголь көшесі арасы);
  • Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
  • Бостандық ауданы – Қазақфильм ы/а (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
  • Медеу ауданы – Меңдіқұлов бульвары-Бектұров көшесі.
жаңалықтарФоторепортаж