Алматының қоғамдық кеңістігіне екі мыңға жуық ірі көлемді ағаш отырғызылуда. Бұл туралы Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасынан хабарлады.
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бағдарламасы аясында ірі көлемді ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биіктігі кемінде 6 метр, жергілікті питомниктерде өсірілген және климаттық жағдайларға бейімделген ағаштар Бұқтырма көшесі, Рысқұлов және әл-Фараби даңғылдарының бойына, сондай-ақ бірқатар қалалық скверлерге отырғызылады.

Жиембаев атындағы ҚазҒЗИ өсімдіктерді қорғау және карантин бөлімінің ғылыми қызметкері Нұржан Мұхамадиеваның пікірінше, ірі көшеттер оңай бейімделіп, тамыр алады. «Отырғызылған үлкен көшеттер – қарағай, қарағаш, шырша біздің климаттық жағдайларымызға бейімделген және эстетикалық көріністі ғана емес, сонымен қатар бос емес қалалық кеңістіктер бойындағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді», – деді ол.
Жалпы, алдағы айда қалада Сайын, Рысқұлов, Сәтбаев көшелерінің учаскелерінде, Көкжиек ш/а және басқа да қоғамдық кеңістіктерде 2 мыңға жуық ірі көлемді ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі таңда 600-ден астам көшет отырғызылды.
Ағаштардың ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету үшін отырғызу учаскелерінде ғалымдардың ұсыныстары бойынша жазда да, күзгі-қысқы кезеңде де қажетті минералды тыңайтқыштарды пайдалана отырып, күтім қамтамасыз етіледі.