Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күнін тойлауға арналған іс-шаралар 30 мамырдан басталады. Қалалық кітапханаларда балалар суреті байқаулары мен кітап көрмелері өтеді:

– 30 мамырда сағат 10:00-де №6 кітапханада «Балалардың күлкісі әлемді әрлейді» суреттер байқауы өтеді;
– Қазмемциркте 31 мамырда сағат 12:00-де қайырымдылық қойылым өтеді. Ерекше қажеттілігі бар балалар Мәскеу сайқымазақтарының «БЕЗ НОСКОВ» халықаралық цирк бағдарламасын көреді.
– Мемлекеттік қуыршақ театрында 31 мамырда сағат 11:00-де биыл тұсауы кесілген «Етік киген мысық» спектаклі көрсетіледі, содан кейін жас көрермендер «Үйшік» қойылымын 14:30-да қазақ тілінде және 16:00-де орыс тілінде көре алады.

1 маусым – Балаларды қорғау күні қаланың әр түкпірінде мерекелік бағдарламалар өтеді:
– Басты концерт Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 11.00-де өтеді. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары, сондай-ақ балалар вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетеді;
– Д.А.Қонаев атындағы музей үйінде сағат 11:00-де және 15:00-де «Менің музейім» атты экскурсиямен қатар квест-ойын өтеді;
– Сонымен қатар, Н. Тілендиев мемориалдық музейінде сағат 12:00-де «Балалық шаққа саяхат» атты ашық сабақ өтеді;
– Мемлекеттік қуыршақ театрында 1 маусым сағат 17:00-де «Бақытты балалық шақ» мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өтеді, одан кейін «Қуыршақтар шоу» қайырымдылық көрсетілімі болады. Бұл күн балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Бала шақтан – болашаққа» атты балалар шығармалар байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімімен аяқталады.
Сонымен қатар, балаларды қорғау күні қаланың кейбір ауданында мерекелік іс-шара өтеді:
– Алатау ауданында сағат 11:00-де Нұркент, 5/11 мекенжайында орналасқан Мультимедиялық дәстүрлі музыкалық орталығында балаларға арналған экскурсия өтеді.
– Әуезов ауданында сағат 11:00-де Family Park демалыс саябағында мерекелік концерт, сондай-ақ спорттық ойындар мен шығармашылық белсенділік өтеді.
– Алмалы ауданында сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Махатма Ганди саябағында Халықаралық байқаулар мен фестивальдар лауреаттарының және ауданның шығармашылық ұйымдарының ансамбльдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
– Жетісу ауданында сағат 10:00-де Гүлдер саябағында Damu Bala бағдарламасының қатысушыларымен мерекелік концерт, сондай-ақ көрме, түрлі шеберлік дәрістері мен шахматтан турнир өтеді.
– Медеу ауданында сағат 13:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, сондай-ақ Алатау шағын ауданында сағат 11:00-де ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
– Наурызбай ауданында сағат 18:00-де Шұғыла, 347 мекенжайындағы амфитеатр аумағында концерттік бағдарлама, қолөнер жәрмеңкесі және суреттер көрмесі ұйымдастырылады.
– Түрксіб ауданында сағат 10:00-де С.Сейфуллин атындағы саябақта өнер ұжымдары мен ансамбльдердің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді, сондай-ақ балаларға арналған түрлі квесттер, шығармашылық шеберлік дәрістерімен спорттық ойындар ұйымдастырылады.