
КӨЛІК ҚАҢҚАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
01
Алматы – халқы жыл санап өсіп келе жатқан заманауи тартымды мегаполис. Көлік қаңқасының шебер жоспары стратегиялық құжат болып табылады. Ол қоғамдық көлікті, маршруттық желіні, қаланың жолаушылар инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды. Көлік қаңқасының шебер жоспары 2030 жылға дейін әзірленді. Құжат үздік әлемдік тәжірибе мен қаланың ерекшелігін ескереді.
02
Алматыдағы көлік қозғалысы мәселесі кешенді сипатқа ие, бұл көлік инфрақұрылымына жүктеменің айтарлықтай өсуінен байқалады, ол кептеліске, қоғамдық көліктің шамадан тыс жүктелуіне және қала тұрғындарының жол жүруге уақыттың көп жұмсауына әкеледі. Қазіргі жағдай қоғамдық қалалық көліктің тартымдылығы төмен болып, халық санының көбеюіне байланысты Алматының көлік коллапсына қауіп төндіреді

03
Қалада көлік мәселесін шешу үшін тиісті инфрақұрылымды дамыту жоспары әзірленді. Ол BRT деп аталатын ұзындығы 296 км қоғамдық көлік үшін арнайы жолағы бар 42 дәліз құруды көздейді. Жеңіл рельсті көліктер үшін 31 км трамвай жолы салынады. Сонымен қатар, метро 20 км ұзарады. Қаланың көлік қаңқасы 2030 жылға дейін 75% тұрғылықты жері мен 81% жұмыс орнын қамтиды.

ОҢ ӘСЕР
01
Көлік қаңқасын енгізу аясында өзгерістер жаңа жолдар мен жолайырықтардың, көлік-трансплантациялау тораптарының құрылысы сынды инфрақұрылымға ғана әсер етпейді, бұл оң өзгеріске қоғамдық көліктің жолаушылары бағасын береді. Тасымалдаушыларға қойылатын талаптар күшейтіледі, сонымен бірге олардың орындалуына бақылау күшейеді.


02
Алматының көлік қаңқасын құру қала тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етеді: жүрдек қоғамдық көлік 75% жаяу жүргіншілерге қолжетімді болады. Автобустар мен троллейбустар қозғалысының жоғары дәлдігі мен жүйелілігінің арқасында алматылықтар межелі жерге 30-40% тез жете алады. Осылайша, кептеліске уақыт жоғалтуды және тұрақ орнын іздеуді тоқтатып, экологияны жақсартуға өз үлесін қосып, алматылықтар өзін-өзі дамыту, жұмыс немесе бос уақыт үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады.


КӨЛІК ҚАҢҚАСЫН ЕНГІЗУ
01
Көлік қаңқасын енгізуді 3 негізгі кезеңге бөлуге болады.
- Пилоттық кезең 2024:
- 3 БРТ дәлізін қалыптастыру: Райымбек даңғылы, Тимирязев және Желтоқсан көшелеріндегі пилоттық дәліз;
- Сайын көшесі мен Абай даңғылын ұзарту бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау;
- Екінші кезең дәліздері, КТТ, метро және LRT бойынша жобалау жұмыстары;
- Газ құю инфрақұрылымын салу.
- Өтпелі кезең 2025-2026:
- 11 жаңа дәліз қалыптастыру;
- КТТ құрылысы;
- Метрополитенді дамыту және LRT бірінші желісінің құрылысы;
- Жылжымалы құрамды сатып алу.
- Соңғы кезең 2027-2030:
- 28 жаңа дәліз қалыптастыру (қаңқада барлығы 42 дәліз);
- Жылжымалы құрамды толық экологияландыру;
- Көлік қаңқасын қалыптастыру бойынша негізгі инфрақұрылымдық іс-шараларды аяқтау.
02
Көлік қаңқасының пилоттық дәлізі қаланың орталық бөлігіндегі Абай көшесінен («Барлық» базар маңы) ұзындығы 17 км болатын Райымбек даңғылының учаскесі мен батыста Пушкин көшесіне дейін («Райымбек батыр» КТТ) қаланың орталық бөлігі болады. Райымбек даңғылы Алматы қаласының шығыс-батыс бағытындағы негізгі магистраль.

Жобада жылдамдық шектеуі бар екі учаскені қалыптастыру көзделген: батыс шекарадан Сайын көшесіне дейін 60 км/сағ бірыңғай режимі бар «магистральдық» бөлігі және Сайын көшесінен қала орталығына дейін 50 км/сағ бірыңғай режимі бар «қалалық» аумақ. «Қалалық аумақ» аялдама аймағында ғана емес, жаяу жүргіншілер қозғалысы қалыптасқан жолдарында да жаяу жүргіншілер өткелдерінің санын ұлғайту көзделеді. Жобалық шешімдерді іске асыру қорытындысы бойынша қауіпсіз қозғалыстың артуы, ЖКО санының төмендеуі күтіліп отыр.