«Бұл саналы көзқарасты талап етеді» – әнші Жұбаныш Жексенұлы Алматыда өткен референдумда дауыс берді
18
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.
Әнші мұндай оқиғалар еліміздің әрбір тұрғынының назарын және саналы көзқарасын талап ететінін атап өтті.
«Референдумға қатысу-бұл әрқайсымыз үшін елдің болашағын айқындайтын маңызды мәселелер бойынша өз пікірімізді білдіру мүмкіндігі. Осы маңызды процеске өз үлесімді қоса алғаныма қуаныштымын», – деді Жұбаныш Жексенұлы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселелері бойынша референдум өтуде. Барлық алматылықтар сайлау учаскелерінде сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.