Қазақстандық әнші, 101 топтың экс-солисі Иван Бреусов Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.

Әнші А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында орналасқан №125 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін барды.
«Бүгін ел үшін маңызды тарихи күн. Бұдан былай мен осындай барлық іс-шараға қатысқым келеді, өйткені Отанымыздың тағдыры әрқайсымыздың пікірімізге байланысты. Біз бірлесіп қабылдайтын шешім ортақ болашағымызды жақсартуға бағытталған», – деді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №388 сайлау учаскесі орналасқан №48 мектеп-лицейге келіп, дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.