«Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Алматы – бақша қаласы» акциясы өтті.

Бүгінде Медеу ауданының аумағында 470 ағаш отырғызылды. Соның ішінде 220 алма мен 250 бұта бар. Негізгі екпе жұмыстары «Есентай»өзенінің жағасы мен Шухов атындағы саябақта өтті.
Бұл науқанға 600-ге жуық адам қатысты: жастар, белсенділер, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары бар.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпова апорт дәмін есіне алатын алматылықтар үшін алма ағаштарын отырғызу маңызды екенін атап өтті.
«Қаланы көгалдандыруға, әсіресе, алма ағаштарын отырғызу науқанына қатысқаныма қуаныштымын. Есентай өзенінің бойында ағаш отырғызуға қатыстым. Біздің қаламыздың гүлденуіне, көгалдануына әрі бала кезімізден есімізде қалған апортымыздың тілеймін», – деді ол.