Алматының Бостандық ауданында екі көше көлік қозғалысы үшін жабылады
34
Алматының Бостандық ауданында автокөлік қозғалысы жабылады:
21 маусымда сағат 22.00-ден 22 маусымдағы сағат 12.00-ге дейін Сәтбаев көшесінің бойымен Масанчи көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;
21 маусымда сағат 22.00-ден 23 маусымдағы сағат 12.00-ге дейін Наурызбай батыр көшесінің бойымен Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін.
Уақытша шектеулер аталған көше учаскелерінің жол бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырлар учаскелерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек.