13/03/2025 14:12

Алматының Бостандық ауданында 6 шақырымнан астам сумен жабдықтау желілері салынады

Бостандық ауданының тұрғындарын үздіксіз сумен және су бұрумен қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың соңына дейін 4 көшеде 6,2 км инженерлік желі салу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

2024 жылы Бостандық ауданында 9 көшеде 8,9 км инженерлік желі қайта жаңартылды.

«Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін жаңарту және инженерлік инфрақұрылымды дамыту біздің жұмысымыздың басым бағыттары болып табылады», – деп атап өтті Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту аясында және ауданның оңтүстік бөлігінің 25 мыңнан астам тұрғынын тұрақты сумен және су бұрумен қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың мамыр айында өнімділігі тәулігіне 9 мың текше метр болатын «Ерменсай» су қоймасын салу бойынша ауқымды жобаны іске асыруды бастау жоспарлануда. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Нұрлытау ш/а 62 км сумен жабдықтау және 34 км су бұру желілерін салу жөніндегі жобаның мемлекеттік сараптамасы шығады деп күтілуде.

Жалпы Алматы қаласы бойынша 2025 жылы 260 км Құрылыс және 87 км желіні жаңғырту жоспарланған.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ