02/04/2025 03:56

Алматыда жолайырыққа бұрылатын жолдар түнде жөндеуге байланысты жабылады

Рысқұлов-Күдерин жолайырығының аумағы орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

24 шілде сағат 23:00-ден 25 шілде сағат 6:00-ге дейін Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағындағы бұрылысқа қарай қозғалыс жабылады.

Соқпақбаев, Сусанин, Крылов және Сахалинская көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

жол жөндеу