18/03/2025 05:48

Алматыда тауық етінің бағасы бекітіледі

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру мақсатында «Алматы» ӘКК» АҚ «Алатау-құс» АҚ құс фабрикасымен қарыз шартын жасасты. Келісім аясында қалада өндірушінің тауық еті (сан еті мен жамбас) бағасы бекітілетін болды.

«Алатау-құс» АҚ фирмалық дүкендерінің сөрелеріндегі және Алматыдағы үйдің жанындағы дүкендердегі өнімнің бағасы бір килограмм үшін 1 100 теңгеден аспайды.

Келісілген шарттасу бойынша жалпы көлем 1818 тоннаны құрайды. Тұрақтандыру кезеңі 24 ай.

Өнімдерді сату нүктелерінің мекенжайларын almatyazyk.kz сайтынан білуге болады.

жаңалықтар