19/03/2025 20:35

Алматыда тамыз айына дейін «Мохнатка» және «Горельник» тауларының беткейлері нығайтылады

Ерболат Досаев «Медеу – Шымбұлақ» жолындағы тастардың құлауы салдарынан болған залалдарды жою жұмыстарымен танысты. Тастардың қайта құлауы мүмкіндігіне байланысты беткейлерді нығайту, нөсер жүйесін салу және жолды жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Аудан әкімі Еркебұлан Оразалин қала басшысына тау бөктеріндегі нығайту жұмыстары бойынша мәселе жоспарлы түрде шешіліп жатқанын баяндады.2023 жылдың қазан айында «Медеу – Шымбұлақ» жолындағы құлаған тастардың салдарын жою жұмыстары басталды. Жартастың құлауынан жартылай зақымдалған қорғаныс қабырғасы бөлшектелді. «Мохнатка» және «Горельник» тауларының баурайынан шамамен 80 мың м2 тас шығарылды және 21 мың м3 жер үйінділерден тазартылды.

Ерболат Досаев жұмыстарды белгіленген мерзімде – осы жылдың тамыз айына дейін аяқтауға тапсырма беріп, бұл мәселе қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Басты жаңалықтаржаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ