17/03/2025 22:49

Алматыда сот шешімімен тағы бір автожуу орны сүрілді

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Самғау шағын ауданындағы Аршалы көшесі, 2-үй мекенжайында орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету автожууының сүрілгенін хабарлады. Жеке тұлғаға тиесілі нысан рұқсат құжаттарынсыз салынған.

Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот заңсыз салынған нысанды сүру туралы шешім шығарды.

Сот шешіміне сәйкес, иесі нысанды өзі бұзды.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 69 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілді. Олардың қатарында «Мечта», KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да ғимараттар бар.

Соңғы жаңалықтар