24/04/2025 10:43

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырыққа бұрылатын жолдар жөндеуге жабылады

Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

5 қыркүйек сағат 23.00-ден 7 қыркүйек сағат 11.00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі оңтүстікке бұрылыс пен Жансүгіров көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі солтүстікке бұрылатын жолда қозғалыс жабылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.

жол жөндеу

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ