Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында пластикалық қақпақтарды жинау бойынша акцияның кезекті циклі басталды.

Акцияға әр түрлі жастағы оқушылар, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қатысады. Жиналған қақпақтарды оқушылар қала аудандарындағы кез келген коммуналдық орталықтардан немесе Алматы қаласы, Марков көшесі, 44 мекенжайындағы EcoNetwork Эко – хабына тапсыра алады.

Акцияның негізгі мақсаты-экология және пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу мәселелеріне назар аудару, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаның тазалығы мен сақталуы үшін жауапкершілігін қалыптастыру.

Айта кетейік, 2024 жылдың қараша айында бұл акция балалар мен олардың ата-аналары арасында кең тараған. Содан кейін қаланың 200-ден астам мектептері мен балабақшаларының оқушыларынан 1,26 миллионнан астам пластикалық қақпақ жиналды.
