15/03/2025 03:05

Алматыда Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні мыңнан астам ағаш отырғызылды

Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орайластырылған ағаш отырғызылды. Іс-шара барысында аудан әкімдіктері мыңнан астам ағаш отырғызды.

Экология және қоршаған орта басқармасы көшеттерді қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетті. Қылқан жапырақты көшеттер, сондай-ақ шаған, сәнағаш, қарағаш, үйеңкі, қараған, қайың, алма және терек берілді.

Аталған эко іс-шара Алматы қаласының барлық ауданын қамтыды: Алатау ауданында 30 ағаш, Алмалы ауданында – 15, Әуезов ауданында – 200, Бостандық ауданында – 100, Жетісу ауданында – 340, Медеу ауданында – 45, Наурызбай ауданында – 200 және Түрксіб ауданында – 160 ағаш отырғызылды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 8 сәуірі мен 8 мамыры аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны жарияланды. Мегаполистің әрбір тұрғынын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ экологиялық жобаларды қолдауға шақырамыз.

Толық ақпарат almaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде жарияланған.

АлматыНашДом

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ