13/03/2025 13:40

Алматыда осы жылдың мамыр айында жылу желілерін реконструкциялау бойынша 15 жобаны іске асыру басталады

Бостандық ауданын жылумен жабдықтау бойынша 15 жоба ағымдағы жылы іске асырылатын болады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 7 көшеде 5,4 км жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

«Ағымдағы жылдың мамыр айында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін біз Бостандық ауданында 7,1 км жылу желілері мен 2 сорғы станциясын қайта жаңарту бойынша 15 жобаны іске асыруды бастаймыз. Жобаның аяқталу мерзімі-2025 жылдың қазан айы», – деді Ерболат Досаев.

Жалпы, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы қалада 20 км жылумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш екі есеге артады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ