22/03/2025 06:07

Алматыда орташа айлық жалақы 16,4% өсті

Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында жылдық инфляция наурыз айында 9,7% – дан 9,1%-ға дейін баяулады. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-8%-ға дейін баяулайды деп болжануда.

Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны құрылды (биылғы жоспар – 87 мың), оның 61% – ы тұрақты. Бұл ретте, қабылданып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі – биылғы жылдың бірінші тоқсанында 4,7%-ға дейін төмендейді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңгені құрады (республика бойынша – 382 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 16,4%, нақты мәнде 6% өсті.

жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ