55
24 сәуір күні сағат 12.00-ден 19.00-ге дейін Алматы қаласында жел күшейіп, жаңбыр жауды.
Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу мен нөсер суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. 2,5 мың қап құм дайындалды.
Аудан әкімдіктерінің ақпараты бойынша су басу мен құлаған ағаштар шұғыл түрде алынды.
Жедел медициналық жәрдем қызметінің мәліметінше, құлаған ағаштан зардап шеккен адам жоқ.