24/03/2025 11:59

Алматыда Mass Alert ТЖ туралы құлақтандыру жүйесі сәтті сыналды

Бүгін, 31 мамырда Mass Alert жедел хабарлау жүйесінің бірінші кезеңі іске қосылды.

Құлақтандыру жүйесін тексеру туралы хабарламалар «Президенттік құлақтандыру» немесе «Ұлттық құлақтандыру» белгісімен келді. Бұл 3GPP TS 23.041 халықаралық спецификациясы Cell Broadcast арнасының тақырып атауларын стандарттаумен байланысты, осы спецификацияға сәйкес барлық телефон аппараттын өндірушілер өздерінің мобильді құрылғысында осы атауларды операциялық жүйе деңгейінде жүзеге асырады.

Халықаралық спецификацияда қабылданған тақырыптардың атаулары өзгермейді.

Осыған байланысты 4370 арнасында «Президенттік құлақтандыру» және «Ұлттық құлақтандыру» деген атаумен хабар таратылды.

Қазір «Ұлттық құлақтандыру» деген атаумен әзірлеушілер үшін Қазақстан Республикасына арналған талаптар әзірленіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ