Алматының Түрксіб ауданында осы жылдың қыркүйек айында тағы бір денешынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДСК) құрылысы басталады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. ДСК Майлин көшесінде орналасады.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарлануда», – деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, осы жылдың ақпан айында Түрксіб ауданындағы Жас Қанат ш/а күніне 600 адам қабылдай алатын ден шынықтыру-сауықтыру кешен ашылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматыда Зерделі шағын ауданында күніне 400 келушіге арналған денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Сондай-ақ Шұғыла, Саялы ш/а және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған спорт орталығын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Ден шынықтыру-сауықтыру кешендері спортпен шұғылдануға, спорттық іс-шараларды өткізуге арналған құрылыстар болып табылады. ДСК-де спорт, бокс және хореографиялық залдар, үстел ойындары залдары және басқаларыбар. Нормативтерге сәйкес орталықтар киім-кешек және душ бөлмелерімен, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген санитарлық тораптармен жабдықталған.