17/03/2025 14:56

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ауыздықтау үшін қандай шаралар қолға алынды

«Форвардтық сатып алу» және «айналым қарызы» тетігін іске асыру аясында 1 мың тонна күріш («Asyl Dan Trade» ЖШС), 1,8 мың тонна тауық еті («Алатау-құс» АҚ), 170 тонна сүт («Көкшетау Белогорье сүт зауыты» ЖШС), 86,4 млн.дана жұмыртқа («Сары-Бұлақ» АҚ) және 4,5 мың тонна қант («Көксу қант зауыты» ЖШС), 800 тонна тұз («Алтын Орда» ЖШС) отандық өндірушілермен белгіленген бағамен өнім жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.

Көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) маусымаралық кезеңде Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облысының шаруаларымен 9 700 тонна өнімді төмендетілген бағамен жеткізу туралы «форвардтық» келісім жасалды. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарынан ерте пісетін көкөністерді жеткізу мәселесі қосымша қарастырылып жатыр.

Магнум сауда желісімен ӘМАТ-тың 11 түрі бойынша бағаларды белгілеу жөнінде келісім жасалды.

Бүгінде «айналым қарызы» және «форвардтық» келісім аясында қосымша келісімшарттар жасау мәселесі қарастырылуда. Атап айтқанда, жұмыртқа («Көгер LTD» ЖШС), тауық еті («Otan Green Food» ЖШС), күріш («Қызылорда Құрылыс» ЖШС), көкөністер («Омаров» ШҚ).

ӘМАТ бағасын бақылау және өнім бағасына қажетсіз делдалдардың әсерін болдырмау мақсатында Өңірлік комиссия мүшелері азық-түлік базарлары мен көкөніс павильондарына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. 15%-дық сауда үстемесін сақтау және делдалдық тізбекті қысқарту жөнінде сауда нүктелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері 5 отырыс өткізіліп, 119 ереже бұзу фактісі анықталды. 113 әкімшілік хаттама толтырылып, 6 айыппұл салынды. 17 тиімсіз делдал нарықтан шығарылды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ӘМАТ бағасын бақылау бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Басты жаңалықтаржаңалықтарФоторепортаж