Биыл 14 мамыр күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, қаламыздың шығармашыл жастары арасында өткен «Jas Gala» жастар фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Бір айға созылған фестивальде қатысушылар вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау, театр бағыттары бойынша бақ сынады.
Байқауға қатысу үшін барлығы 30 ЖОО және 23 колледжден 529 өтінім келіп түсті. Жалпы жобаға 2 500-ден астам студенттер қатысты.
14 мамыр күні фестивальдің жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Фестивальдің жүлде қоры – 7 500 000 теңге.
Өтетін күні: 14.05.24
Уақыты: 17.30
Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау театры, Нуркент 6
https://2gis.kz/almaty/geo/70000001024386777
Аккредиттеу үшін: Келемеденов Мейіржан, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының баспасөз хатшысы, 87022862520