Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеу мақсатында үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасын жалғастыру көзделген. Бағдарламаны өткізу кезеңі – 2025 жылғы 1 сәуірден жыл соңына дейін.

Бағдарламаға қатысуға деректер қорында сенімді есепке алу үшін ветеринариялық паспорты мен микрочипы бар жануарлар жіберіледі. Микрочипы мен паспорты болмаған жағдайда, оларды төменде аталған кез келген емханадан қосымша ақы төлеп алуға болады. Иттер мен мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 7 айдан 9 жасқа дейін, төбет иттер мен ер мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 6 айдан 9 жасқа дейін.

Үй жануарларын зарарсыздандыру және піштіру бойынша қызмет:
– тіркеу кітабына жануар иесінің алғашқы шағымын (анамнез жинау, операцияға жазылу) тіркеуді;
– жануарларды алдын ала клиникалық тексеруді, операцияға қарсы көрсеткіштерді (жүктілік, овуляция, иммунитеттің төмендеуі, алдын ала егудің болмауы) анықтауды;
– жануардың тірі салмағын анықтауды және наркоз мөлшерін есептеуді;
– алдын ала емдеуді;
– наркозға енгізуді;
– жануарды бекемдеп байлауды;
– операция жасау орнын дайындауды;
– операция жасауды;
– сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сіңірілетін тігіс материалдарын қолдануды;
– наркоздан шығаруды;
– есепке алу кітабында физикалық деректерді тіркеуді;
– жануарды күндізгі стационарға кемінде 10 сағат бақылауға жатқызуды;
– операциядан кейінгі 3 күн ішінде операция жасалынған жануардың жағдайын бақылауды (телефон арқылы);
– ықтимал асқынуларды болдырмау үшін операциядан кейін 10-12 күн өткен соң тігістердің жағдайын бақылауды қамтиды.

Иттер мен мысықтарды тегін зарарсыздандыруға және піштіруге арналған ветеринариялық емханалардың мекенжайлары:
Медеу ауданы «Mastino» Ветеринариялық емханасы | мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217 телефоны: 8 (700) 327-44-89 тіркелу whatsapp желісі арқылы |
Алмалы ауданы «Mastino» Ветеринариялық емханасы | мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217 телефоны: 8 (700) 327-44-89 тіркелу whatsapp желісі арқылы |
Бостандық ауданы «Айболит» Ветеринариялық емханасы | мекенжайы: Абай даңғылы, 26 телефон: 8 (708) 972 02 07 |
Әуезов ауданы «Allvet» Ветеринариялық емханасы | мекенжайы: Төле би көшесі, 279Б телефон: 8 (747) 438 38 87 тіркелу whatsapp желісі арқылы |
Алатау ауданы «VET ELITE» Ветеринариялық емханасы | мекенжайы: Күдерин көшесі, 6/2 телефоны: 8 (700) 776 62 50 8 (708) 653 32 57 тіркелу whatsapp желісі арқылы |
Жетісу ауданы «Барыс» Ветеринариялық емханасы | мекенжайы: Райымбек даңғылы, 223Б телефоны: 8 (707) 123 49 00 |
Түрксіб ауданы «Dog Premium» Ветеринариялық емханасы | мекенжайы: Грибоедов көшесі, 105 телефоны: 8 (727) 339 33 28 |
Наурызбай ауданы «Банзай» Ветеринариялық емханасы | мекенжайы: Сейдімбек көшесі, 26 телефоны: 8 (707) 523 73 73 |