2024 жылы 30 сәуір сағ. 11.00-де Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің №833 қорқұрушысы Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері, композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің «Қазақстаным – қасиетті Атамекенім» атты бұрышының ашылу рәсімі өтеді. Ескендір Өтегенұлының қолжазбалары, ноталары, марапаттары, фотоальбомдары, сыйлықтары, кітаптары, ордендері, төсбелгілері мен басқа да жеке заттары ресми тұрде Мемлекеттік архивке ұлы Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев тапсырды.
Шараның өтетін орны: Ақбұлақ ш/а, Шуланов көшесі, 159 үй (Көрме залы, 4 қабат).
Қосымша сұрақтарыңыз болса, Мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Әділжан Садыковқа +7 777 217 5575 номері арқылы хабарлассаңыздар болады.