13/03/2025 06:37

Алматыда ерекше кабриолет автобусы концертпен қаланы аралауда

Алматыда Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында оркестр, театр артистері мен әншілер кабриолет автобусымен шаһарды аралап, халықты мерекемен құттықтап жүр. Олар аялдамаларда және саябақтарға тоқтап, көрермендерге театрландырылған қойылымдар мен концерттер ұйымдастыруда. Кабриолет автобусы арқылы қала тұрғындары «Алматы аялдамасы» жобасына қатысып жатқан өнерпаздарды еш кедергісіз сырттан бақылай алады.

Ашық автобустағы артистер Тұңғыш Президент саябағына, 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябаққа, Абай алаңына, Арбатқа, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, сондай-ақ автобус аялдамаларына тоқтауды жоспарлап отыр. Артистер тобы бұған дейін вокзал алдындағы алаңдарға, барахолка маңайына, Жангелдин атындағы скверге, С. Сейфуллин атындағы саябаққа және «Гүлдер» саябағына барып үлгерді.

БАҚ өкілдерінің назарына!

Түсірілім тобы аккредитациядан өтіп, «Алматы аялдамасы» жобасының артистерімен (өз көлігімен) бірнеше нысанды бірге аралап, қызықты материалдар дайындай алады.

14 қыркүйекте автобус сағат 15:00-де жүруді бастайды. Қатысушылар «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында жиналып, шамамен 16:00-де Абай алаңына келеді. Бұдан әрі Арбат және басқа да нысандарға бару жоспарланған. 15 қыркүйекте артистер күні бойы Тұңғыш Президент саябағында өнер көрсетеді. Ал 16 қыркүйекте сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағынан автобус тағы да қала аралауға шығады.

Аккредитация телефондары: +7 707 200 0601 Рано, +7 747 214 5230 Қадыр.

жаңалықтаржаңалықтарКалаКүніСоңғы жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ