13/03/2025 05:15

Алматыда Қазыбек би көшесінің бір бөлігінде жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қозғалыс шектеледі

11 қазан сағат 13:00-ден 12 қазан сағат 13:00-ге дейін Алматының Медеу ауданында Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейінгі Қазыбек би көшесінде көлік қозғалысы екі жаққа да жабылады.

Магистральдық құбыр желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі.

Айта кетейік, қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карты» сервистерінде жазылған.

жол жөндеу

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ