Алмалы ауданында 25 мың шаршы метр жол төсеміне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Қазір оның басым бөлігі аяқталды. Ағымдағы жөндеу аясында Назарбаев даңғылы, Абылай хан даңғылы, Желтоқсан көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Сейфуллин даңғылы, Байтұрсынов көшесі, Нұрмақов көшесі, Әйтиев көшесі, Исаев көшесі, Жамбыл көшесі, Бөгенбай батыр көшесі, Райымбек даңғылы, Верещагин көшесі, Қараөткел көшесі, Мақатаев көшесі, Биокомбинатская көшесі, Гоголь көшесі, Төреқұлов көшесі және т.б. көшеде жол ақаулары жойылды.

Биылдан бастап ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудан әкімдіктері тапсырыс береді. Көшелердің толық тізімі және орташа жөндеу жұмыстарының жоспары Almaty.kz сайтында жарияланған.
Шұңқырлар, ойықтар мен жол төсемі зақымданған жағдайда аудан әкімдіктерінің телеграм чатына жүгінуге болады. Алмалы ауданы: https://t.me/almalyaudany/1, +7 775 888 77