43
Алматыда 2024 жылдың мамыр айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.
Кездесуге барлығы 104 көпбалалы отбасы келді. Кездесу барысында 118 мәселе көтерілді. Оның 81-іне түсініктеме берілді, кездесуден кейін 20 мәселе пысықталды, 17-сі қолға алынды.
Көпбалалы аналар көтерген негізгі мәселелер:
- тұрғын үй алу (кезекке қою) – 25 (21%);
- білім беру (балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, мектеп формасы) – 16 (14%);
- денсаулық сақтау – 12 (10%);
- әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық–түлік жиынтықтары) – 7 (6%);
- ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 24 (20%);
- жұмысқа орналастыру және бизнеске арналған гранттар – 1 (1%);
- басқа мәселелер – 33 (28%).
Аудан әкімдерінің 2024 жылдың маусымына арналған қаланың көпбалалы аналарымен кездесу кестесі.
Өткізу күні | Өткізу уақыты | Өткізу орны |
Алатау ауданы | ||
20.06.2024 ж. | 11.00 | Алатау ауданы әкімінің аппараты (Жанқожа батыр көшесі, 26) |
Алмалы ауданы | ||
26.06.2024 ж. | 10.00 | «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы (Наурызбай батыр, 106 А) |
Әуезов ауданы | ||
28.06.2024 ж. | 11.00 | «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы (Аманжол көшесі, 12) |
Бостандық ауданы | ||
25.06.2024 ж. | 15.00 | Бостандық әкімдігі әкім аппаратының акт залы (Айманов көшесі, 191) |
Жетісу ауданы | ||
20.06.2024 ж. | 10.00 | «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы (Жансүгіров көшесі, 65) |
Медеу ауданы | ||
20.06.2024 ж. | 11.00 | «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы (Зенков көшесі, 15 үй) |
Наурызбай ауданы | ||
25.06.2024 ж. | 10.00 | Наурызбай ауданы әкімінің аппараты (Шұғыла ш/а., 347) |
Түрксіб ауданы | ||
26.06.2024 ж. | 11.00 | «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы (Р.Зорге көшесі, 9) |
Естеріңізге сала кетейік, аудан тұрғындарымен кездесу барысында өтініштің көптігіне байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесуін тапсырған болатын.