14/03/2025 09:52

Алматыда 10 бағыттың қозғалыс сызбасы «Астана» алаңының жабылуына байланысты өзгерді

Алматыда Қала күніне орай өтетін ауқымды мерекелік іс-шараларға байланысты 12-16 қыркүйек аралығында Төле би көшесі Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін жабылады.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, осы уақыт аралығында 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілді.

Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттар. «Астана» алаңын шығыс бағытта Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтеді. Сонымен қатар, №16 және 126 бағыттары аталған аумақты Гоголь көшесімен айналып өтеді.

Жедел жаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ