20/03/2025 01:46

Алматы әкімдігінде Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы құттықтады

Алматы әкімдігінде Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы құттықтады

Кәмиля Досмалова пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын алды. Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысы Әнуар Үсеновты ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсеткендерін атап өтіп, табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Кездесу барысында Бейбіт Шаханов Кәмиля Досмалова мен оның жаттықтырушысына Премьер-Министр Олжас Бектеновтың атынан алғыс хаттар табыс етті.

Бейбіт Шаханов сонымен қатар Кәмиля Досмаловаға 2 миллион теңгелік ақшалай сертификат, ал Әнуар Үсеновке 1,5 миллион теңгелік сертификатты тапсырды. Сонымен қатар, спортшыға қызметтік баспана берілді.

«Бізге қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға, сондай-ақ Алматы әкімдігіне зор алғысымды білдіремін. Бұл қолдау менің болашақ жетістіктеріме негіз болады», – деді Кәмиля Досмалова.

Паралимпиадада Қазақстан құрамасы рекордтық көрсеткіш көрсетіп, тоғыз медаль (2 алтын, 3 күміс, 4 қола) жеңіп алды

Басты жаңалықтаржаңалықтарФоторепортаж

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ