13/03/2025 14:31

«Алматы – бақ қала» жалпықалалық акциясы аясында 4 мыңнан астам алма ағашы отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында шаһар басшысы Ерболат Досаев жеміс ағаштарын отырғызуға қатысты.

27 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Алматы – бақ қала» жалпықалалық акциясы өтті. Шара барысында 8205 жасыл желек, соның ішінде 4515 жеміс, 1090 жапырақты ағаш пен 2600 бұта отырғызылды.

Қаланың барлық аудандарында ағаш пен бұта көшеттерін жаппай отырғызу шарасы өтті. Жаңа Саин көшесінің шығысындағы БАК бойындағы саябаққа қала басшысы Ерболат Досаев қатысты. Қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен эко-белсенділер бірлескен шара аясында Алатау ауданының аумағында 500 алма мен 500 өрік көшеті отырғызылды.

Мұндай алма бақ 2270 көшет отырғызылған «ALA» саябағында да пайда болды. Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңына тағы мыңға жуық қатты ағаш көшеттері отырғызылды.

Қаланың әр түкпірінде аудан әкімдіктері алма аллеяларын отырғызды. Онда барлығы 1245 жеміс, 90 жапырақты ағаш пен 2600 бұта, соның ішінде дерен, кизильник, бересклет, снежноягодник және т.б

АудандарАғаштарБұта
АлатауАлма – 70 дана – дәстүрлі өнер театрының жанында-70 дана  250 дана – «Мәдениет» ТК – 100 дана – 13 ықш. – 80 дана – Саялы-2 ықш. – 70 дана
АлмалыАлма ағашы – 75 дана – Ганди ат.саябақ – 50 дана – «АЗТМ» сквері– 25 дана850 дана -Төле би көш.бойы (Варламовтан Волховская көш.дейін) – 50 дана – А.Байтұрсынов ат.сквер – 500 дана – Ганди ат.бақ – 100 дана – «Сосновый» сквері – 200 дана
ӘуезовАлма – 100 дана – 5 ықш. Сквері – 100 дана250 дана – Жандосов көш. Саин даңғылынан  Қарғалы өзеніне дейін – 250 дана
БостандықАлма – 230 дана – Тұңғыш Президент саябағы – 150 дана. – цирк жанында – 80 дана (Қазмемцирк ұжымы отырғызады) Жапырақты – 90 дана. – Х. Ерғали өзенінің жағалауы-50 дана. – “Нұр Алатау” сквері-20 дана. – ҚазМУ жанындағы сквер-10 дана. – Ғабдуллин көшесі-10 дана 250 дана – Абай даңғылындағы бөлу жолағы (Тұрғұт Өзал көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейін) – 250 дана.
ЖетысуАлма – 100 дана – Көкжиек ықш.сквері – 100 дана250 дана. – әкімдік жанындағы Серіков көшесі 2а-250 дана
МедеуАлма – 220 дана Есентай өзенінің бойы (әл-Фараби даңғ. мен Жамақаев көш.) – 70 дана – Алматы хайуанаттар бағының аумағында – 150 дана («Алматы зоологиялық паркі» КМҚК отырғызады)250 дана Шухов ат.саябақ– 250 дана
НаурызбайАлма – 350 дана – «Қалқаман» сквері – 150 дана – «Ақжар» сквері – 200 дана250 дана – «Қалқаман» сквері – 250 дана  
ТүрксібАлма – 100 дана – «Детский» саябағы – 100 дана250 дана – Сейфуллин даңғылы – Рысқұлов даңғылы – 250 дана.
Барлығы1 335 дана2 600 дана

«Алматы – бақ қала» акциясына қатысушылар көгалдандыруға және қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосып қана қоймай, шығармашылық байқаулар мен ойындарға белсенді қатысты.

АкцияларАлаБіздіңҮйАлматыНашДомБасты жаңалықтарФотоРепАлаБіздіңҮй

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ