14/03/2025 17:58

«Алматы – бақ қала»: танымал актриса атаулы алма ағаш отырғызды

Блогер, актриса әрі жүргізуші Анар Батырхан «Алматы – бақ қала» акциясында белсенділік танытып, қарағайлы орманға ағаш отырғызуға қатысты.

Танымал блогер мегаполистің жасыл қорын толықтырып қана қоймай, алма ағашын өз атымен атады.
«Мен Алматыны қатты жақсы көремін. Егер жолда жүрсем, екінші күні-ақ қаланы сағынамын. Үйге ұшақпен оралғанда, биіктіктен туған қалаңдағы жасыл желектерді, жеміс ағаштарын көру керемет сезім. Бүгін мен осындай іс-шараның қатысушысы болғаныма ризамын», — деп өз эмоцияларымен бөлісті ол.


Ол бүгін өмірінде алғаш рет алма ағашын отырғызғанын айтты.
Мен, тіпті, көшетті еркелетіп, оны “Анар” деп атадым. Біздің қаламыз алмасымен әйгілі. Әрбір алматылық біздің жеріміздің тазалығы мен сұлулығына қамқорлық жасауы керек”, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы – бақ қала” акциясы барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның 4 мыңнан астамы алма ағашы. Оның ішінде “Сосновый бор” саябағының аумағында 500 алма мен өрік көшеттері, “ALA” саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында мыңға жуық көшет отырғызылды.

АкцияларАлаБіздіңҮйАлматыНашДомжаңалықтар

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ