Алматы қаласының Әуезов ауданында көше тағамдары бар 4 заңсыз дүңгіршек және 28 силомер жойылды
11
Алматының Әуезов ауданында 63 заңсыз стационарлық емес сауда нысаны (СЕСН) және 28 ойын-сауық аппараты (силомерлер) бөлшектелген. Атап айтқанда, Жұбанов пен Момышұлы көшелеріндегі самса, пицца және чебурек сататын 4 заңсыз дүңгіршек бөлшектелді.
Айта кетейік, Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен өз бетінше орнатылған СЕСН жою науқаны аясында жүргізілді. Бағдарлама осы жылдың 15 наурызына дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап Алматыда кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жұмыс тобының қатысушыларымен бірлесіп көше саудасы объектілерін жоюға кірісті. Бүгінгі таңда мемлекеттік қордың жерінде орналасқан 302 СЕСН және 222 силомер бөлшектелді.