Эко-хабта тұрақты негізде білім жетілдіретін лнкциялар, қайта шикізаттан бұйымдар жасау бойынша оқыту дәрістері, эко-сағаттар, тимбилдингтер және шеберлік сыныптары өткізілетін болады. Эко – хабтың резиденттері тақырыпқа сәйкес өнімдер шығаратын және ірі супермаркеттердің сөрелеріне шығу мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлер мен эко-стартаптар болады. Сонымен қатар, Алматы тұрғындары мен қонақтары пайдалы бонустарға айырбастау үшін эко-хабқа бөлек жиналған қалдықтарды тапсыра алады.
Креативті эко-хабтың негізгі мақсаты экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамыту, қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді насихаттау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын сіңіру болып табылады.
Күні мен уақыты: 29 мамыр, сағат 10.00. Мекенжайы: Алматы қ., Марков к-сі, 44
БАҚ үшін байланыстар: Евгений Мұхамеджанов, ECO Network негізін қалаушы+7 771 765 5999, Назгүл +7 707 358 9992.