17/03/2025 15:28

Алматыда Инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңестің бірінші отырысы өтті

Қала әкімі Ерболат Досаев Инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі кеңестің отырысын ашып, кеңестің барлық мүшелеріне алғысын білдірді.

«Мұнда инклюзияны дамытуға бағытталған өз ісінде белгілі бір жетістіктерге жеткен адамдар жиналды. Сол үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтамын. Өз тарапымнан қаламызға қажетті барлық бастамаларды қолдаймын», — деді мегаполис басшысы.

Ерболат Досаев сондай-ақ Кеңес отырысының форматы біршама өзгеретінін атап өтті.

«Бұл есептерді тыңдау болмайды. Біз бірге шағын жұмыс топтарын құрамыз, олардың барысында бірлескен шешімдер қабылдаймыз», — деді қала басшысы отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында Инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі кеңес құрылды. Төраға болып қала әкімі Ерболат Досаев, төрағаның орынбасарлары – әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова мен әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омарова болды. Сондай-ақ, кеңес құрамына мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау саласындағы белгілі қоғам қайраткерлері Богдан Джепка, Татьяна Баклажанская, Майра Сүлеева, Әсия Ахтанова, Рауана Сағадиева және басқалар кірді.

Басты жаңалықтар